Қазақстан мен Литва бірқатар маңызды құжаттарға қол қойды

АСТАНА. 6 қазан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Ақордада Қазақстан мен Литва бірқатар маңызды құжаттарға қол қойды.

Қазақстан мен Литва бірқатар маңызды құжаттарға қол қойды

Айта кетейік, бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Литва Президенті Даля Грибаускайте келіссөздер өткізді.

«Бүгінгі келіссөздер мен қол қойылған құжаттар, екі елдің арасындағы қарым-қатынастары парламентаралық, үкіметаралық, министрліктер мен ведомстволар деңгейінде іске асады деп санаймын», - деп атап өтті Н.Назарбаев.

Атап айтқанда келіссөздерден кейін екі елдік үкіметтері арасында Білім, ғылым, мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастық таралы келісімге, Латвия мен Қазақстан ауыл шаруалылығы министрліктері арасында ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге, сондай-ақ екі мемлекет үкіметтері арасында "Адамдардың реадмиссиясы" туралы келісімге қол қойылды.


Елбасының сөзіне қарағандай, бүгінгі кездесу барысында экономикалық байланыстар, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік, әлемдік қаржы дағдарысты еңсеру жолындағы мәселелер жан-жақты талқыланды.

«Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында кездесуде үлкен мағына бар деп ойлаймын. Азаттық алғаннан бері біздің ынтымақтастық қарым-қатынастарымыз берік орнап келеді», - деп түйіндеді Мемлекет басшысы.