Қазақстан мен Литваның сыртқы істер министрлері ЕҚЫҰ «үштігінің» жұмысы аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады
ТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы -Литва Республикасының Сыртқы істер министрі Аудронюс Аджубалиспен телефон арқылы сөйлесті.
ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлағандай, әңгіме барысында сұхбаттасушылар ЕҚЫҰ «үштігінің» жұмысы аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін, 2011 жылдың желтоқсан айында Вильнюсте өтетін Ұйымға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері кеңесіне дайындық барысын талқылады.
Қазақстанның бастамасы бойынша өтіп, Астана декларациясының қабылдаунымен аяқталған ЕҚЫҰ саммиті ұйымның нығаюына көмектесіп, еуразиялық кеңістіктегі қауіпсіздік саласы жөніндегі ынтымақтастыққа жаңа серпін бергені белгілі.