Қазақстан мен Мексика депутаттарының алғашқы отырысы өтеді
АСТАНА. KAZINFORM – 26 қарашада Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен Мексика Құрама Штаттарының Бас Конгресінің депутаттар палатасының достық тобының алғашқы отырысы онлайн режимде өтеді.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі, Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Айбек Смадияровтың айтуынша, кездесуді өткізуге қазақ тарапы бастамашы болды.
– Отырыста Қазақстан және Мексика депутаттары бірлескен жұмыс жоспарының жобасын, парламентаралық өзара іс-қимыл тетіктерін, сондай-ақ өзара сапарлар мен алмасуларды ұйымдастыру перспективаларын талқылайды, – деді ҚР СІМ ресми өкілі елордада өткен брифингте.
Бұған дейін ҚР СІМ өкілі Еуропаға виза талабын жеңілдету жұмысы күн сайын жүріп жатқанын айтқан еді.
Сонымен бірге, Вьетнамдағы су тасқыны бойынша ҚР Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады.