Балаева: Елдің көші-қон саясаты түбегейлі трансформациядан өтеді
АСТАНА. KAZINFORM — Премьер-министрдің орынбасары — мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Президент Жарлығын жүзеге асыру аясында көші-қон саясатына енгізілген жаңа тәсілдерді түсіндірді.
Үкімет әкімшілік бақылаудан инвестициялар үшін ашық әрі икемді орта қалыптастыруға және жоғары білікті кадрларды тартуға бағытталған сервистік модельге көшіп жатыр.
«Алтын виза» тетігі енгізілуде, сондай-ақ тапшылығы бар, жоғары технологиялық салалар үшін біліктіліктерді тану рәсімдері жеңілдетіліп, «бір терезе» қағидаты бойынша барлық процесс толық цифрландырылып жатыр.