Қазақстан мен Нидерланды ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті
«Кездесу барысында біз негізінен экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқыладық. Яғни, мұнай мен газ саласында Royal Dutch Shell компаниясымен дәстүрлі өзара іс-қимыл бар. Инновациялар саласында өте маңызды ынтымақтастық орнаған, атап айтқанда бұл Назарбаев Университеті мен Phillips компаниясы арасында технологиялық паркті дамытуға қатысты. Сонымен қатар ауыл шаруашылығын дамытуда өте үлкен мүмкіндіктер қамтылған. Голландия ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттайтын екінші еуропалық ел болып табылады, дегенмен көлемі бойынша бұл ел Қазақстаннан 65 есе кішкентай. Сондықтан осы салада бізде өте ауқымды мүмкіндіктер бар»,-деді К. Мәсімов.
Мұнымен қоса, ҚР Үкімет басшысы Нидерланды Премьер-Министрімен алдағы уақытта қол қойылуы қарастырылып отырған Қазақстанның Еуропалық Одақпен Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімі бойынша пікір алмасу болғанын жеткізді.
Айта кетейік, 2014 жылдың қорытындысы аясында Нидерланды Қазақстанның сыртқы серіктестері арасында тауар айналып көлемі бойынша Ресей, Қытай және Италиядан кейін төртінші орында тұрақтады. Бұл елмен тауар айналымы сомасы 9 млрд. доллардан асты.