Қазақстан мен Норвегия мұнай кірістерін пайдалану тәжірибелерімен алмасады - KAZENERGY қауымдастығы
«Қазақстан делегациясының жақында Норвегияға жасаған сапарының аясында біз Норвегия Королінің қатысуымен өткен ХIХ халықаралық мұнай-газ көрмесіне және Солтүстік теңізасты аумағының ONS - 2010 конференциясына қатыстық. Іс-шара барысында KAZENERGY қауымдастығы Норвегияның Мұнай-газ өнеркәсібіндегі серіктестердің «INTSOK» қауымдастығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Ж.Сәрсеновтың айтуынша, норвег тарабы мұнай-газ секторының жұмыстарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, оның ішінде экологиялық мәселелерде қолдау көрсететін болады.
«Біз («KAZENERGY») мемлекеттік органдардың мұнай компаниялармен өзара іс-қимылдарын жүзеге асырудан жаңа басымдыққа - мұнай саласындағы әлеуметтік бағыттағы міндеттерді жүзеге асыруға ауысудамыз, бұл ең алдымен, халықтың денсаулығын сақтау және оңалту, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қорғау шаралары. Бұл, бүгінде, әсіресе, Мексика шығанағындағы оқиғадан кейін үлкен маңызға ие болып отырған бағыттар. Осыған байланысты KAZENERGY жаңа қарым-қатынастар орнатуда, оның ішінде экология және қауіпсіздік мәселелері бойынша мол тәжірибе жинақтаған, аталған бағыттардағы жұмыстарды ұйымдастыру үшін мамандар шақыруда қолдау көрсететін «INTSOK» қауымдастығымен байланыс орнатып отыр», деп атап көрсетті қауымдастықтың бас директоры.
Оған қоса, қол қойылған меморандумның аясында норвег тарабы қазақстандық мамандарды замана талаптарына сәйкес оқытуды өз міндетіне алып отыр. Және мұнайдан түскен табыстарды пайдалануда, мұнайшылар арасындағы гуманитарлық байланыстарды кеңейтуде екі ел өзара тәжірибе алмаспақ.