Қазақстан мен Оңтүстік Корея стратегиялық әріптестікті тереңдету жолында - Д.Бәкішев
АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің Оңтүстік Кореяға ресми сапары қарсаңында осы елдегі Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Дулат Бәкішев Primeminister.kz сайтына екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары туралы әңгімелеп берді.
«Қазақстан мен Оңтүстік Корея стратегиялық әріптестікті тереңдету кезеңінде тұр»,-деп есептейді Д.Бәкішев.
«Екі жақ та кең көлемді өзара іс-қимылды жандандыра түсуде. 2011 жылмен салыстырғанда екі ел арасындағы тауар айналым көлемі 2012 жылы 40%-ға артып, 1,257 млрд. АҚШ долларына жетті. 2013 жылдың тоғыз айында ол 1 млрд. АҚШ долларына артып, 2012 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 6%-дан астам өсімді құрады»,-деп хабарлады елші.
«Егер өзара іс-қимыл туралы айтар болсақ, Оңтүстік Корея экономикасына Қазақстанның инвестициясы 2,6 миллиардтан астам АҚШ долларын құрады. Біздің елімізде Оңтүстік Корея капиталының қатысуымен 700-ден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді»,-деді Д.Бәкішев.
«Жоғары қосымша құнды технологиялық тауарлар бірлескен өндірісі біздің оңтүстіккореялық әріптестермен тығыз өзара іс-қимылымыздың жарқын көрінісі болып табылады. Инвестициямен бірге Қазақстанға жаңа технологиялар, қазіргі заманға сай біліктілік деңгейі және өндіріске деген жаңа қарым-қатынас ере келді. Екі елде іскерлік әріптестікті одан әрі жандандыру үшін барлық мүмкіндіктер бар және бұл ұмтылысты ынталандыру қажет деп ойлаймын», - деп сөзін қорытындылады Д.Бәкішев.