Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы экономикалық әлеует толық пайдаланылып отырған жоқ - Н.Назарбаев

«Өзбекстан біздің өңіріміздегі жетекші мемлекет ғана емес, сонымен бірге біздің Орталық Азиядағы басты сауда экономикалық серіктесіміз. әлемдік экономикадағы теріс тенденцияларға, негізгі тауарлар құнының құлдырауына қарамастан, біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымы өсіп келеді» - деді Мемлекет басшысы.
Елбасының атап өтуінше, өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы екі миллиард доллардан асып түскен. Ал ағымдағы жылдың тоғыз айында мемлекеттер арасындағы тауар айналымы оң қарқынмен өскен. «Меніңше, бұл біздердің кездесуіміздің нәтижесі. Дегенмен, біздің елдеріміздің арасындағы экономикалық әлеует жеткілікті деңгейде пайдаланылып отырған жоқ деп санаймын. Тауралар номенклатурасы өте тар. Сондықтан да үкіметаралық комиссия, біздердің Үкіметіміз тағы да бір мәрте тауар айналымын арттыра түсу үшін жұмыс істеуі тиіс. Бұл екі елге де тиімді», - деді ҚР Президенті.