Қазақстан мен Өзбекстан бір-бірін жете түсіне бастады - И.Каримов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Өзбекстан бір-бірін жете түсіне бастады. Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейін Өзбекстан Президенті Ислам Каримов мәлім етті.
None
None

И.Каримов өз сөзінде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы қарқынының жоғары екендігіне тоқтала келе: «Өсім қарқынын өздеріңіз көріп отырсыздар, 2013 жылы - 14 пайыз, ал 2014 жылдың 9 айында 25 пайыз болды. Менің жеке пікірім, біздер бір-бірімізді жете түсіне бастадық»,- деді.

Сонымен қатар ол соңғы жылдары Қазақстан экономикасының жылдық өсімі 6-7 пайыздың төңірегінде болып отырғанын баса атап өтті.

«Кейбіреулердің шамалы өсімге әрең қол жеткізіп отырған кезеңінде бұл өсім өте байыпты», - деді Өзбекстан Президенті.

Жалпы, оның атап өтуінше, екі елдің де экономиканың, өзара тауар айналымының тұрақты өсімін қамтамасыз етуге мүмкіншіліктері жеткілікті.

«Сондықтан да Нұрсұлтан Әбішұлы екеуіміз әлі де болса іске қосылмаған мүмкіншіліктерімізді тағы да бір мәрте сараптап, жолға қоюымыз қажет деген ортақ пікірге келдік»,- деді И.Каримов.

Соңғы жаңалықтар