Қазақстан мен Өзбекстан Қауіпсіздік Кеңестерінің Хатшылары өзара тиімді бағыттарда ықпалдастықты тереңдетуге мүдделі
АСТАНА. 14 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысының Өзбекстан Республикасына жұмыс сапары шеңберінде Елбасының көмекшісі-Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Қайрат Қожамжаров Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Баходир Ташматовпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар қауіпсіздік саласында екі мемлекет арасында қалыптасқан өзара қарым-қатынастардың деңгейіне оң бағаларын берді, сондай-ақ Орталық Азияда тұрақтылықты қамтамасыз етудің келелі мәселелері бойынша пікір алмасты.
Қазақстанның және Өзбекстанның Қауіпсіздік Кеңестерінің Хатшылары ынтымақтастыққа қосымша серпін беру мақсатында оны екіжақты және көпжақты өзара әрекет тетіктерін қолдана отырып, соның ішінде ШЫҰ шеңберінде өзара қызығушылық тудыратын бағыттарда тереңдету ниеттерін білдірді.