Қазақстан мен Пәкістан бірқатар саладағы қарым-қатынасын еселей түсуге уағдаласты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Пәкістан бірқатар саладағы қарым-қатынасын еселей түсуге уағдаласты. Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер өткізгеннен кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Пәкістан Премьер-Министрі Наваз Шариф айтты.
None
None

«Біз ғылым, экономика, көлік саласындағы, сондай-ақ бірлескен кәсіпорындар құру арқылы тоқыма өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын, фармацевтика өнеркәсібін және басқа да салалардағы екіжақты қарым-қатынасты еселей түсуге уағдаластық. Біз Қазақстаннан газ, мұнай алатындығымызға қуаныштымыз. Біз кеме жасау және басқа да салаларда ынтымақтасатын боламыз», - деді ол.

Н.Шариф Қазақстан мен Пәкістанның халықаралық форумдарға белсене қатысатындығын атап өтті. Оның айтуынша, оның Астанаға сапары барша өңірдің интеграцияға ұмтылысы мен ортақ мақсатын паш етеді.

Сөз соңында Пәкістан Премьер-Министрі Қазақстан Президентін тағы бір мәрте өз еліне шақырып, сапардың таяу аралықта орын алатындығына сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар