Қазақстан мен Пәкістан көлік-транзит саласына баса назар аударады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Пәкістан көлік-транзит саласына баса назар аударады. Бұл туралы бүгін Ақордада елімізге ресми сапармен келген Пәкістан Премьер-Министрі Наваз Шарифпен кеңейтілген құрамдағы келіссөзден кейінгі бірлескен мәлімдемеде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
None
None

«Менің шақыруымды қабыл алып, тұңғыш рет ресми сапармен келіп отырған, біздің елдің досы саналатын Наваз Шариф мырзаға жол болсын деймін. Біз тұңғыш рет 1992 жылы кездестік. Ол Қазақстан Тәуелсіздігінің алғашқы жылдары еді. Пәкістан мемлекеті содан бері қарай қолдап келе жатыр. Біз шынайы ризашылығымызды білдіреміз», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті екеуара келіссөздер барысында өңірдегі ахуал, терроризмге қарсы күрес, Ауғанстандағы, Таяу Шығыстағы ахуал, Қазақстан мен Пәкістанның жағдайы, екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынастың өзекті мәселелері жан-жақты талқыға түскенін атап өтті.

Екі елдің арасында ешқандай проблеманың жоқ екендігін айттық. Сауда-саттықтың ауқымы төмен екендігі сөз болды. Себебі екі елдің арасындағы транзиттік мәселелер шешілмеген. Сондықтан көлік-транзит саласындағы мәселелерге өте көп көңіл бөлдік. Қытай Халық Республикасының «Ұлы Жібек жолы» экономикасы, Қазақстанның «Нұрлы жол» бағдарламасы және Қытай-Пәкістан-Қазақстан арасындағы қазіргі Қарақорым автокөлік жолы қарым-қатынасымызды, сауда-саттығымызды жанандырады деп ойлаймыз. Осы бағытта жұмыс істейтін боламыз», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар