Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан мен Португалия ынтымақтастығының негізгі бағыттары талқыланады

АСТАНА. 25 маусым. ҚазАқпарат - 29-30 маусымда Қазақстан Республикасында алғашқы ресми сапармен Португалияның Мемлекеттік министрі - Сыртқы істер министрі Паулу Порташ келеді.

Қазақстан мен Португалия ынтымақтастығының негізгі бағыттары талқыланады

Бұл туралы бүгін апталық брифинг барысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«Сапар барысында Паулу Порташ өзінің әріптесі Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановпен және ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовпен, сондай-ақ еліміздің басқа да мүдделі министрліктерінің басшыларымен кездесіп, Қазақстан мен Португалия арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың негізгі бағыттарын жан-жақты талқылайды», - деді ол.

Ресми өкілдің айтуынша, сонымен қатар Португалия Сыртқы істер министрі екі мемлекеттің іскер топтары өкілдерімен бизнес-форум өткізуді жоспарлауда.

Айта кетейік, 2011 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 1,15 млрд. АҚШ долларын құрап, 2010 жылмен салыстырғанда 55 пайыз өсім көрсетті.