Қазақстан мен Ресей арасында әуе шабуылына қарсы қорғаныстың бірыңғай жүйесі құрылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.
None
None

Аталған заң жобасы бойынша өңірдегі әуе шабуылына қарсы қорғаныс міндеттерін шешу үшін Қазақстан мен Ресей арасында әуе шабуылына қарсы қорғаныстың бірыңғай өңірлік жүйесі құрылады. Бұл жүйе ТМД қатысушы мемлекетерінің әуе шабуылына қарсы қорғанысының біріккен жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

«Бірыңғай өңірлік жүйенің мақсаты екі мемлекеттің әуе кеңістігін күзету және қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Жүйенің негізгі міндеттері құрылу және әскерлерді қолдану қағидалары келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын ережеде көзделген», - дейді Қорғаныс министрінің орынбасары Оқас Сапаров.

Оның айтуынша, бірыңғай жүйе бейбіт уақытта әскерлердің жауынгерлік кезекшілігін атқару мен бірлескен іс-қимылдарын ұйымдастыруды көздейді. Ал соғыс уақытында Тараптар өздерінің ұлттық заңнамаларында көзделген тәртіппен өз әскерлері мен құралдарын қолдану туралы шешім қабылдау құқығын өзіне қалдырады.

Қазақстан мен Ресей әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесінің әскерін Тараптардың қорғаныс министрлерінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті мен РФ Президенті лауазымға тағайындайтын қолбасшы басқаратын болады. Ал Қазақстандағы қолбасшылық Алматы қаласында орналасады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум