Қазақстан мен Ресей арасында бірқатар құжатқа қол қойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ Президенті Владимир Путин 1998 жылғы 6-шы шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Каспий теңізінің солтүстік бөлігі түбін межелеу туралы келісімге, хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қойды.
None
None

Сонымен қатар ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев пен РФ Көлік министрі Максим Соколов ҚР Үкімет мен РФ Үкіметі арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді, ҚР Аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаев пен РФ Қорғаныс министрінің орынбасары Юрий Борисов ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағындағы жер учаскесін пайдала отырып, Домбаровский позициялық ауданынан зымырандар ұшыруды жүргізу кезіндегі өзара іс-қимыл жасау тәртібі туралы келісімді, «ВИПЭК Автоазия» Директорлар кеңесінің төрағасы Анатолий Балушкин мен «Авто ВАЗ» ААҚ президенті Бу Инге Андерссон стратегиялық әріптестікті кеңейту туралы келісімді рәсімдеді.

Соңғы жаңалықтар