Қазақстан мен Ресей арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімшарт он жылға ұзартылды

АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Қазақстан мен Ресей арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы 1992 жылғы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама рәсімделді.

Қазақстан мен Ресей арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімшарт он жылға ұзартылды
Аталған құжатқа ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов және РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров қол қойды. «Осылайша, 22 жыл бұрын рәсімделген екі ел арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімшарт тағы 10 жылға ұзартылды», - деп атап көрсетті РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Ал Қазақстанның сыртқы істер ведомствосының басшысы Е.Ыдырысовтың айтуынша, қазіргі кезде XXI ғасырдағы Қазақстан мен Ресейдің достығы туралы жаңа келісім әзірленіп жатыр. «Аталған құжат екі жақты байланыстардың кең ауқымын қамтып, XXI ғасырға барынша бейімделіп отыр. Ағымдағы жылы қараша аясында Екатеринбург қаласында өтетін X аймақтық ынтымақтастық форумында екі елдің президенттері осы келісімді рәсімдейтін болады», - дейді Е.Ыдырысов.