19:14, 05 Мамыр 2017 | GMT +5
Қазақстан мен Ресей басшылары Астана процесінің кезекті раундының нәтижелерін талқылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық мәселелерді талқылады.
Сонымен қатар, Мемлекеттер басшылары Астанада биылғы 3-4 мамырда өткен Сирияға қатысты халықаралық кезекті кездесу қорытындылары жөнінде пікір алмасты.
Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.