Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан мен Ресей басшылары телефон арқылы бірін-бірі келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, екі ел халқына игілік және бақ-береке тіледі

АСТАНА. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Қазақстан мен Ресей басшылары телефон арқылы бірін-бірі келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, екі ел халқына игілік және бақ-береке тіледі

Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Волгоград қаласындағы террорлық әрекеттерге байланысты тағы да қайғырып көңіл айтты.

Сонымен қатар, мемлекеттер басшылары бірін-бірі алдағы Жаңа жылмен құттықтап, екі елдің халқына игілік және бақ-береке тіледі.