Қазақстан мен Ресей экономикаларының тығыз интеграциялану басымдығы екіжақты тиімділік әкеледі - В.Путин

АСТАНА. ҚазАқпарат - Біздің елдеріміздің экономикаларының тығыз интеграциялану басымдығы екіжақты тиімділік әкеледі. Бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында РФ Президенті Владимир Путин осылай деді.
None
None

«Біз сауда-экономикалық қарым-қатынастың барлық спекторлары бойынша пікір алмастық. Сауда, энергетика, көлік, ғарыш, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану сынды маңызды салалардағы өзара іс-қимылға ерекше назар аудардық. Біздің елдеріміздің экономикаларының тығыз интеграциялану басымдығы екіжақты тиімділік әкелетіндігін баса атап өткім келеді», - деді Ресей Президенті.

Ол сыртқы конъюнктураның қиындығына, экспортқа шығарылатын қазақстандық және ресейлік негізгі тауарлардың бағасының құлдырауына, валюталық курстың құбылмалығына қарамастан сауда-экономикалық өзара байланыстардың жоғары қарқынын сақтап қалуға мүмкіндік туып отырғанын баса атап өтті.

«Ағымдағы жылдың қаңтар-шілдесінде Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы рубльмен есептегенде 23 пайызға артты. Өзара инвестиция ағыны да өсу үстінде. Қазақстан экономикасына салынған ресейлік инвестицияның жиынтық көлемі 9 млрд. доллардан асып жығылады. Ал Ресейдегі қазақстандық инвестиция көлемі шамамен 3 млрд. долларды құрайды. Бұл ретте ресейлік бизнес іс жүзінде қазақстандық экономиканың барлық салаларында бар», - деді В.Путин.

Соңғы жаңалықтар