Қазақстан мен Ресей қорғаныс-өнеркәсіптік кәсіпорындары ынтымақтастыққа әзір

АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Астанада Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясы Әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі шағын комиссиясының 11-отырысы болып өтті.
None
None

Комиссия жұмысын Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары Сергей Громов пен Ресей Әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі федералдық қызметінің директоры Константин Бирюлин басқарды.

Шағын комиссияның жұмысына Қазақстан және Ресей қорғаныс-өнеркәсіптік кәсіорындарының өкілдері, шағын комиссияның қазақстандық және ресейлік бөліктерінің мүшелері қатысты.

«Отырыс барасында тараптар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шарттың жобасын талқылап, екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі, сондай-ақ перспективалық жобалар туралы пікір алмасты»,-делінген ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінде.

Бүгінгі таңда екі ел ынтымақтастығының аясында қазақстандық қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеу және жаңғырту, оларға қызмет көрсету, Қазақстан аумағында тиісті орталықтар мен кәсіпорындар ашу мәселелері өзекті күйінде қалып отыр.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне авиация және бронетанк техникасын жеткізу, жөндеу және жаңғырту саласындағы ынтамақтастықтың нақты негізі бар.

Көзделген жоспарларды іс жүзіне асыруды «Қазақстан Инжиниринг» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен «Уралвагонзавод» ҰӨК» ашық акционерлік қоғамы құрамдарына кіретін қазақстандық және ресейлік кәсіпорындар жүргізеді.

Шағын комиссия 11-отырысының қорытындысы бойынша тиісті хаттамаға қол қойғаннан кейін тараптар жемісті ынтымақтастыққа әзірліктерін білдірді.

Соңғы жаңалықтар