Қазақстан мен Ресей мамандары орман өртін ауыздықтау тұрғысында оқу-жаттығуларды бастайды

АСТАНА. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Ертең, 16 мамырда Семейде трансшекаралық сипаттағы орман мен дала өрттеріне қарсы жедел іс-қимылды ұйымдастыру жөнінде қазақстандық және ресейлік мамандардың бірлескен оқу-жаттығулары өтеді.
None
None

Аталған шараға ҚР АШМ Орман және аңшылық шарауашылығы комитеті, ҚР ТЖМ Өртке қарсы комитеті, ШҚО әкімдігі, сондай-ақ басқа да тиісті мекемелер қатыспақ. Оқу-жаттығуларға Қазақстан тарапынан жеке құрамнан 104 адам, бір МИ-2 тікұшағы, бір МИ-8 тікұшағы, 31 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылады. Ал Ресей жағынан жеке құрамнан 24 адам, 8 өрт сөндіру техникасы тартылады.

Тактикалық жаттығулардың мақсаты - екі елдің шекаралас аумақтарында шыққан орман мен дала өртін сөндіру кезінде өзара іс-қимылды арттыру, орман өртін сөндіру әдістерін іске асыру, сондай-ақ ландшафты өрттерді ауыздықтауда өрт сөндіру құрылымдарының дайындығын тексеру.

Соңғы жаңалықтар