Қазақстан мен Ресей өнеркәсіптік кооперация аясында 175 жобаны жүзеге асырып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Мәскеуге жұмыс сапары аясында Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрі Антон Алихановпен кездесті.

Қазақстан мен Ресей өнеркәсіптік кооперация аясында 175 жобаны жүзеге асырып жатыр
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын, оның ішінде кооперациялық байланыстарды дамыту мен өнеркәсіп саласындағы өзара іс-қимылды тереңдету мәселелерін талқылады.

Қос тарап әсіресе автомобиль өндірісі, теміржол машина жасау, металлургия, химия өнеркәсібі және құрылыс материалдары өндірісі сияқты салалардағы өнеркәсіптік кооперацияның басты жобаларын іске асырумәселесіне ерекше тоқталды.

Бүгінгі таңда Қазақстан мен Ресей арасындағы өнеркәсіптік кооперация шеңберінде құны 56,6 млрд АҚШ доллары болатын 175 жоба жүзеге асып жатыр. Бұл 64 мыңнан астам жаңа жұмыс орны деген сөз.

Тараптар өнеркәсіптік әріптестікті нығайту, өндірістік тізбектерді дамыту және екі ел бизнесі үшін жаңа мүмкіндіктерді ашу бағытындағы белсенді жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Соңғы жаңалықтар