Қазақстан мен Ресей Президенттері «Ислам лаңкестікке қарсы» форумын құру идеясын ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Ресей Президенттері «Ислам лаңкестікке қарсы» форумын құру идеясын ұсынды. Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген РФ Президенті
None
None

Владимир Путинмен кеңейтілген құрамдағы кездесуден кейінгі бірлескен мәлімдемеде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті. Кездесу барысында халықаралық күнтәртіпте тұрған өзекті мәселелерге ерекше назар аударылғанына тоқталған Елбасы, жаһандық және өңірлік ұйымдар аясында өзара іс-қимылдарды арттыру мәселелері бойынша Минск келісімдерін жүзеге асыру барысы, оның ішінде Орталық Азия өңірінде тұрақтылық пен қауіпсіздік мақсатындағы қадамдар қаралғанын жеткізді.

Мұнымен қоса, Ауғанстандағы, Сирия мен Ирактағы ахуалға да айрықша назар аударылды.

«Сирияда орын алып жатқан жағдай - бұл баршамыз үшін жалпы қатер, әсіресе Орталық Азия өңірі үшін. Біз Түркіменстанмен шекарада болған оқиғалар жайында хабардармыз. Бұл тұрғыда Тәжікстан да қатты алаңдаулы. Осыған байланысты біз «Ислам лаңкестікке қарсы» атты форумды құру идеясын алға тартудамыз. Егер де бізді қолдаса, бұл істеп жатқан шараларды дұрыс түсіну үшін, жұмыстың бағыты дұрыс болмақ», - деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар