Қазақстан мен Ресей – сенімді стратегиялық серіктестер әрі одақтастар – Тоқаев

МӘСКЕУ. KAZINFORM – Мемлекеттер басшылары Орал қаласында өтіп жатқан XXI Қазақстан – Ресей өңіраралық форумының пленарлық сессиясында сөйлеген сөзінде Қазақстан мен Ресей – өзара сенімді, уақыт тезінен өткен стратегиялық серіктестер әрі одақтастар екенін айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды. 

Қазақстан мен Ресей – сенімді стратегиялық серіктестер әрі одақтастар – Тоқаев
Фото: Ақорда

– Біздің елдеріміздің тарихи тамыры, өткені мен құндылықтары ортақ. Қос халықтың достығы – тағдырдың жазуы.

Барлық деңгейде сенімді диалог жүргізудің арқасында Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының мән-мазмұны ұдайы толығып келеді. Екі елге ортақ әлемдегі ең ұзын құрлық арқылы өтетін шекара – халықтарымыздың мәңгілік достығы мен тату көршілік қарым-қатынасының айғағы.

Орайлы сәтті пайдаланып, форум қызметіне және барлық салада өзара ынтымақтастығымызды нығайтуға әрдайым назар аударып, қолдау көрсеткені үшін Ресей Президентіне алғыс айтамын. Бірге күш-жігер жұмылдыру арқылы алға қойған мақсаттарымызға жететінімізге сенімдімін, - деді Мемлекет басшысы. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей сауда және инвестиция көлемін ұлғайта беруге тиіс екенін айтқан еді. 

 

Соңғы жаңалықтар