17:46, 28 Мамыр 2013 | GMT +5
Қазақстан мен Ресей шегірткемен күрес бағытында бірлескен зерттеулерді жүргізеді
АСТАНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Ресей шегірткемен күрес бойынша бірлескен зерттеулерді іске асырмақ. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешені бойынша Мемлекеттік инспекциясы комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов айтты.

«Біз Ресеймен келісім аясында қосымша жұмыстар жүргізіп, шегірткемен күрес бойынша бірлескен зерттеулер жүргізуге уағдаластық»,-деді комитет басшысы.
Атап айтқанда, биылғы жылы үйірлі шегірткенің таралуы шамамен 3 млн. гектар аумақта болжанған.
Бүгінгі таңда облыстарға 2 млн. гектар аумаққа жетерлік инсектицидтер жеткізілді. Пестицидтерді сатып алуға және химиялық өңдеу жұмыстарын өткізуге республикалық бюджеттен 1,8 млрд. теңге бөлінген көрінеді.