Қазақстан мен Ресей теңіз көлігі саласындағы ынтымақтастықты жандандыра түседі

АСТАНА. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат/Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Халықаралық істер,
None
None
қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы теңіз көлігі саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталған келісімнің негізгі мақсаты ? Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы теңіз көлігі саласындағы қатынастарды реттеу мен дамыту және кеме қатынасындағы тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету болып табылады. Сондай-ақ, заң жобасы екі мемлекеттің де теңіз сауда флотын және айлақтарын тиімді пайдалануға, теңіздегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және теңіз ортасын қорғауға бағытталған. Келісім айлақтарға еркін кіру, жүктерді тиеу және түсіру үшін оларды пайдалану, алымдарын төлеу, қарапайым коммерциялық операцияларды және теңізде жүзуге арналған қызметтерді пайдалану бөлігінде өз тарапына қатысты қолданылатындай режимді қамтамасыз етуді көздейді. Сонымен бірге, тараптардың құзыретті органдары берген кемелік құжаттарды және теңізшілердің жеке басын куәландыратын құжаттарды тануды көзделеді. Бұл ретте Келісімнің 9-бабында теңізшілердің жеке басын куәландыратын құжаттардың бірі болып теңізшінің жеке куәлігі белгіленген. Заң жобасы палатаның жалпы отырысына шығарылатын болып келісілді.
Соңғы жаңалықтар