18:08, 28 Тамыз 2015 | GMT +5
Қазақстан мен Сербия халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге келді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Қазақстан мен Сербия халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге келді. Аталған құжат Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Сербия Президенті Томислав Николичтің қатысуымен рәсімделді.

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Сербия Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев пен Сербия Экономика министрі Желько Сертич қол қойды. Ал ҚР Үкіметі мен Сербия Үкіметі арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны еліміздің Сербиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрбах Рүстемов пен Сербия Экономика министрі Желько Сертич рәсімдеді.