Қазақстан мен Швейцария Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссия отырысын өткізуге уағдаласты

АСТАНА. 24 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы- Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Швейцария Президенті - Сыртқы істер Федералды кеңесшісі (министрі) Мишлин Кальми-Реймен телефон арқылы сөйлесті.

Қазақстан мен Швейцария Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссия отырысын өткізуге уағдаласты

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, кездесу барысында сұхбаттасушылар бүгінгі таңда жақсы қарқынмен дамып келе жатқан екіжақты қарым-қатынастың болашағы зор бағыттарын талқыға салды. Осы жылдың көктемінде Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссия отырысын өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, отырыс барысында ынтымақтастықтың одан әрі кеңейуі мен тереңдеуі туралы нақты шаралар талқыға салынбақ.

Қ.Саудабаев сұхбаттасушы жақты кезектен тыс президенттік сайлаудың дайындық барысы жайлы хабардар етіп, Қазақстан халықаралық талаптарға сай электоралдық науқан өткізуге мүдделі екендігін атап өтті.