Қазақстан мен Тәжікстан азаматтары екі ел аумағында 30 күнге дейін тіркеусіз жүре алады
Отырыста «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Тәжікстан Республикасының аумағында және Тәжікстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасын ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов таныстырған болатын.
Оның айтуынша, келісімге 2018 жылдың наурыз айында Астанада қол қойылған.
Келісім екі тарап аумағында азаматтардың 30 күнге дейін тіркеусіз және жалпы 90 күн болуын көздейді. Келісімді ратификациялау тараптардың аумағында азаматтардың болуы мәселесін құқықтық реттеуге мүмкіндік береді. 2018 жылғы шілдеде келісімді Тәжікстан Парламенті ратификациялаған. Осы заңды қабылдау әлеуметтік-экономикалық және құқықтық теріс салдарға әкеп соқпайды», - деді Қалмұханбет Қасымов.
Мәжіліс депутаттары заң жобасын мақұлдап, Сенатқа жолдады.