Қазақстан мен Тәжікстан сот жүйесінде тәжірибе алмасуға мүдделі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәжікстандағы Қазақстан елшісі Нұрлан Сейтімов Тәжікстанның Жоғарғы сот төрағасы Шермұхаммед Шохиенмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Хабар телеарнасы.

Қазақстан мен Тәжікстан сот жүйесінде тәжірибе алмасуға мүдделі

Кездесу барысында тараптар сот жүйесі саласында тәжірибе алмасу мәселесін талқылады. Н.Сейтімов айтып өткендей, Қазақстанның сот жүйесіндегі реформалар, «Ұлт жоспары» «100 нақты қадам», азаматтардың әділеттілікке көшуі және үш деңгейлі әділеттілік жүйесіне өтуі туралы баяндап берді. Әңгімелесу барысында 2016 жылдың 22 қыркүйегінде Душанбе қаласында өтетін ШЫҰ елдерінің жоғарғы сот өкілдерінің отырысы талқыланды.