Қазақстан мен Тәжікстан сыртқы істер министрліктерінің консультациялары өтті

деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Консультациялар барысында тараптар Қазақстанның Ұйымға төрағалығына арналған ШЫҰ негізгі басымдықтары және Қазақстан бастамашысы болған көпжақты сипатқа ие және Ұйымның түрлі саладағы негізгі іс-шараларын айқындайтын ШЫҰ-ның 2010-2011 жылдарға арналған іс-қимылдар жоспарын талқылады. Сондай-ақ, Ұйымға мүше мемлекеттердің Қырғызстанға көмек көрсету мүмкіндігі туралы пікір алмасу болды.
Келіссөздер қазақстандық тараптың Ұйымға мүше барлық мемлекеттермен өткізетін консультациялар циклінің жалғасы болып табылады. Бірінші кездесу ресей тарапымен биыл маусымның 25-26-да Мәскеу қаласында, қытай тарапымен шілденің 2-3-де Бейжің қаласында өтті. Ағымдағы жылдың шілде айында осындай консультациялар Қырғызстан және Өзбекстанмен өткізу жоспарлануда.