Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда айналымы 3,5 млрд. АҚШ долларын құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Түркия экономика министрліктері ынтымақтастық жолындағы барлық кедергілерді жыл соңына дейін жоймақ ниетте, деп хабарлайды ҚР ЭБЖМ баспасөз қызметінен.
None
None

«Осы жылдың маусым айында Қазақстан Түркияға өзара тиімді ынтымақтастыққа жаңа шарттар беруге әзір. Ең үлкен тартымдылықты тамақ және жеңіл өнеркәсіптеріне берілмек, оның ішінде ҮИИДМБ-ның екінші бесжылдығы аясында», - деп хабарлады Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев түркиялық әріптесі Нихат Зейбекджимен кездесу барысында.

Екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылау барысында олардың тұрақтылығы мен болашағын ерекше атап өтті.

«Біздердің экономикаларымыздың мүмкіндіктері мен күші ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біздің жолда тұрған барлық кедергілерді 2014 жылдың соңына дейін жою қажет», - деп Түркияның экономика министрі Нихат Зейбекджи айтып өтті.

Айта кетейік, Қазақстанның сыртқы саясатының оңтүстік-батыс бағытында Түркия басты орын алады. 2013 жылы Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда айналымы 3 млрд. 495, 6 млн. АҚШ долл. құрады. Экспорт - 2 млрд. 595,1 млн.АҚШ долл., импорт - 900,6 млн. АҚШ долл. құрады.

Соңғы жаңалықтар