Қазақстан мен Түркия президенттері екіжақты іс-қимылдың қазіргі ахуалын талқылады
АНКАРА-АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Мемлекет басшылары шағын құрамдағы келіссөздер барысында екіжақты іс-қимылдың қазіргі ахуалын, сондай-ақ бірқатар басымдығы бар бағыттар бойынша Қазақстан-түрік стратегиялық серіктестігін нығайту перспективаларын талқылады.
Бұдан бөлек, тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мейлінше өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Қазақстан Президенті Р.Ердоғанға қонақжайлығы үшін алғыс айтты.
Встреча с Президентом Турецкой Республики Реджепом Тайипом Эрдоганом. В ходе переговоров главы государств обсудили текущее состояние двустороннего взаимодействия, а также перспективы укрепления казахстанско-турецкого стратегического партнерства по ряду приоритетных направлений. Кроме того, стороны обменялись мнениями касательно наиболее актуальных аспектов международной и региональной повестки дня. Президент Казахстана поблагодарил Р.Эрдогана за теплый прием.