Қазақстан мен Украина авиациялық саладағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Украина әскери мақсаттағы өнімді өзара жеткізу бойынша ымыраға келді, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.
None
None

«Қазақстан авиациялық индустриясы ЖШС («Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың еншілес компаниясы және өнімді, әскери және арнайы мақсаттағы қызметтерді экспорттау және импорттау жөніндегі «Украина арнайы экспорт» компаниясы авиациялық салада ынтымақтастық ету туралы келісімге қол қойды. Аталған келісім екі елдің қорғаныс өнеркәсібінің кешендері үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Авиациялық саладағы қазақстандық-украиналық ынтымақтастық бірнеше бағытты қамтиды. Оның ішінде Астанадағы авиациялық-техникалық орталығының базасында «Антонов» ұшақтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу, «Мотор Сич» АҚ өндірген авиациялық қозғалтқыштарды жөндеу бойынша өңірлік орталықтың сервистік орталығын ұйымдастыру жоспарлануда.

Келісім аясында ремоторизациялау (қозғалтқыштарды модификацияланған жақсартылған моторға ауыстыру) және Ан-2 ұшақтарын Ан-2-100-ге жаңғырту, сонымен қатар, жаңартылатын ұшақтарға орнату үшін МС-14 турбобұрандамалы қозғалтқыштарды өнеркәсіптік құрастыру жоспарланған. Одан басқа, «Қазақстан авиациялық индустриясы» ЖШС өндірістік кооперациясы «Антонов» ұшақтарына толымдаушыларды өндіру бойынша ұшақ құрастыру және «Мотор Сич» АҚ-тың авиациялық қозғалтқыштарына толымдаушыларды өндіру бойынша авиациялық қозғалтқыш құрастыру бар. Сонымен бірге, әскери және азаматтық мақсаттағы ұшқышсыз ұшу аппараттарын бірлесіп әзірлеу мен өндіруді, авиациялық тренажерлық кешендерді жеткізу, жөндеу, техникалық қызмет көрсетуді бастау жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар