Қазақстан мен Украина ғарыш саласында ынтымақтаса жұмыс істеуге пейіл танытуда

ТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қазақстан мен Украина ғарыш саласында ынтымақтаса жұмыс істеуге пейіл танытуда.
None
None

Бұл туралы бүгін Украина Премьер-Министрі Николай Азаровпен кездескеннен кейін ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті.

Ғарыш саласындағы ынтымақтастыққа кеңінен тоқталған К.Мәсімов: «Менің ойымша, бұл өте перспективалы бағыт. Осы салада Украинада айтарлықтай тәжірибе бар. Қазақстан да зор мүмкіндікке ие, бұл бірінші кезекте Байқоңырға қатысты. Олар одан әрі ынтымақтастыққа зор әрі жемісті жол салады», - деді.

ҚР Үкіметі басшысының атап өтуінше, аталған саладағы ынтымақтастықтың жемісті, сонымен қатар толыққанды болуы үшін Ресей Федерациясын тарту қажет. «Біз келіскеніміздей, әңгімелерімізде көтерілген мәселені бастама қылып, одан әрі жылжыту үшін әріптесіміз Владимир Путинге өтінішпен шығамыз. Перспектива бар. Бұдан үш ел де ұтады», - деді ол.

Сонымен қатар К.Мәсімовтің пайымынша, екі елдің атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастығының болашағы өте зор. Өйткені бұл бағытта Украина атқарылған жұмыстар бар және Қазақстан да белгілі бір мүмкіндікке ие. Демек, осы салада да бірлесе жұмыс істер болса Ресей, Украина және Қазақстан мемлекеттерінің қол жеткізер жетістіктері мол.

Соңғы жаңалықтар