23:03, 03 Тамыз 2015 | GMT +5
Қазақстан мен Украина президенттері екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен келешегін талқылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Президенттер әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен келешегін, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.
Сонымен қатар, Петр Порошенко Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруімен құттықтады.
Телефон арқылы сөйлесуге украин жағы бастамашылық етті.