17:22, 24 Қараша 2011 | GMT +5
Қазақстан мен Украина ұшақ өндірісі бойынша зауыт құрмақ
ТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қазақстан мен Украина Алматы облысында АН-140-100 ұшағын шығаратын зауыт салуда жоспарлауда. Сәйкес құжатқа бүгін Қазақстан-Украина бизнес форумы барысында «АэроКЗ» ЖШС мен «Антонов» мемлекеттік авиақұрастыру концерні қол қойды.

Жобаның құны инфрақұрылымын қоса есептегенде 150 млн. АҚШ долларын құрайды. Қазақстандық компанияның бас директоры Владимир Куропатенконың атап өтуінше, зауыт құрылысы 2012 жылы толығымен аяқталып, сол жылы 3 ұшақ, ал 2013 жылы - 8, 2014 жылы 12 ұшақ шығаратын болады. Ұшақтар ішкі рейстерде жолаушыларды тасымалдауға арналады.
Аталған форум барысында сөз сөйлеген Украина Премьер-Министрі Николай Азаровтың айтуынша, ұшақтар бәсекеге қабілетті. Сонымен қатар шетелдік ұшақтарға қарағанда бағасы біршама арзан әрі Қазақстан әуежайларына бейімделген.