Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы «Ғаламдық алмасу» халықаралық бағдарламасы аясындағы жұмыс аяқталды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ғаламдық алмасу» бағдарламасы шетелдегі ерікті қызмет (VSO) пен British Council қолдауымен ұйымдастырылып, 18-25 аралығындағы жастарға арналған және әлем тұрғындарына бір қоғамға бірігіп ауқымды мәселелерді шешуге көмектесуді көздейді. Бағдарлама мемлекеттер арасындағы тығыз ынтымақтастықты орнату және ерікті жұмысты түсінетін ғаламның белсенді азаматтарын дамытуға бағытталған.
Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы аталмыш бағдарлама аясында биыл үшінші рет алмасу өткізілді. Алғашқы рет алмасулар 2005 (Талдықорған мен Торвайнның арасында) және 2006-2008 жылдары (Талдықорған мен Лондон, Ханслоу арасында) жүзеге асырылған. 2009 жылғы алмасу бағдарламасы наурыз айында Харлоу және Бишопс Стортфорд қалаларында басталып, екінші кезеңі Шымкент қаласында өткен. Оған Қазақстаннан 17 ерікті қатысты.
Еріктілер Шымкент қаласының мүгедектер мен АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу сияқты мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдарында белсенділік танытқан.
«Балалар - бұл өміріміздің ең қымбат сыйы, және өз балаңның дертті болғанынан қорқынышты ешнәрсе жоқ. «Ана мен бала» орталығында күн сайын науқас балалармен кездесеміз. Біздің ниетіміз - олардың көңіл-күйін көтеру» - дейді 2009 жылғы «Ғаламдық алмасу» бағдарламасының еріктісі Нина Филатова.