Қазақстан мен Үндістанның ядролық ынтымақтастығы

МАГДЕБУРГ. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат /Юлия Чернова/ - ҚазАқпарат дәстүрлі «Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы» айдарымен оқырмандарға aktuellasia.toobiz.com жаңалықтар порталының материалдарын ұсынады.
None
None
*** Биылғы жылдың қаңтарында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Үндістанға Нью-Делидегі республика мерекесіне сапары жоспарланған. Сапар кезінде үнді тарабымен ядролық энергетика саласындағы бірлескен жұмыс жөнінде шартқа қол қойылуы жоспарлануда. Сөйтіп, Қазақстан Үндістанмен осындай шарт жасасқан төртінші ел болғалы отыр. Бұл екі елдің өзара тығыз байланысының белгісі болып табылады. Бүгінде Үндістан ядролық энергетика саласында АҚШ-пен, Франциямен және Ресеймен өзара ынтымақтастық туралы бірлескен шарт жасасқан. Қазақстандық дипломаттардың пікірінше, уранды жеткізу екі жаққа да маңызды, өйткені қыркүйектің 6-сында 30 жылға созылған Үндістанға ядролық апартейдтің аяқталғаны жарияланды. Дереккөздердің хабарлауынша, екі елдің өзара іс-қимылы уранды жеткізумен ғана шектеліп қалмайды. Ядролық отын өндірісі және атом электр стансылары құрылысы саласындағы бірлескен зерттеулер жүргізілуі мүмкін. Қазақстан ? уран қоры мол әлемдегі екінші және ядролық отын өндіруші үшінші ел.
Соңғы жаңалықтар