Қазақстан минералды ресурстарды басқару тұрғысында әлемдік рейтингте 19-шы орында
АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша биыл Қазақстан минералды ресурстарды басқару тұрғысында әлемдік рейтингте 19-шы орынды алды.
«Бүгінде біздің жердің байлығы барша халыққа тиесілі. Және халықтық әл-ауқатты тұрақты арттыру үшін жағдай жасауда»,-деді бүгін Астанадағы Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.