Қазақстан муайтайдан Дечанидегі әлем чемпионатында үздік үштіктен көрінді
АСТАНА. KAZINFORM - Косовоның Дечани қаласында өткен муайтайдан әлем чемпионатында Қазақстан командасы жалпыкомандалық есепте үшінші орын иеленді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Әлемдік додаға 80 елден 600-ге жуық спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Қазақстан намысын 14 спортшы қорғап, барлығы 14 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 7 алтын, 3 күміс және 4 қола жүлде бар.
Осылайша қазақстандық муайтайшылар жоғары нәтижесімен әлемдік аренадағы шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Медальдық есепте 20 жүлде еншілеген вьетнамдықтар бірінші орынға жайғасты. Олардың қоржынында 9 алтын, 6 күміс және 5 қола медаль бар. Ал Түркия құрамасы 12 медальмен екінші орынға ие болды. Яғни, 7 алтын, 6 күміс және 7 қола.
Осыған дейін теннисші Жания Бекмұхамбетованың Таиландтағы WTT турнирінде қола медаль алғанын жаздық.