Қазақстан мұнайы әлемдік нарыққа жоғары бағамен сатылып жатыр - Ұ. Қарабалин

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мұнайы әлемдік нарықта жоғары бағамен сатылуда. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында журналистер сауалына жауап берген Энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин осылай мәлімдеді.
None
None

«Қазақстанның мұнайының экспорттық бағасына келсек, қазіргі күні бұл барреліне шамамен 54,3 долларды құрайды. Жалпы мұнай сатылғанда мұнайды тасымалдау заңнамасына сәйкес, бекітілген бағадан көп мөлшерде төмен түсіруге рұқсат етілмейді. Бұл бақылауда тұрады. Сол тұрғыдан алсақ, Қазақстанның мұнайы қашанда жоғары бағамен кетіп жатыр», - деп атап өтті Ұзақбай Қарабалин.

Бұдан бөлек, вице-министр «ҚазМұнайГаз» компаниясы өзіне тиесілі жанар-жағармай стансаларын жекеге сатады» деген ақпаратқа да түсінік беріп өтті.

«ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғам болғандықтан, мемлекет қазынасының қарауындағы қоғам. Сондықтан олардың шешімі қабылданып жатса, бұл нарыққа әсер етіп, елде жанармай тапшылығына ұшыратпайтын болса, бұл олардың өздерінің құқы болып табылады. Дегенмен, бізге қазір ондай ақпарат түскен емес. Мәселе қойылса ол үкімет органдарында да талқыланып қаралуы тиіс», - деді Ұ. Қарабалин.

Соңғы жаңалықтар