Қазақстан оқушыларының шығармалар жинақтары ТМД елдерінің кітапханаларына таратылады
«Қазақстан оқушылары патриотизм туралы» атты шығармалар жинағы Мемлекеттік рәміздер күніне орайластырылған. Жинаққа еліміздің түкпір-түкпірінен келіп түскен үздік шығармалар енгізілді. Олардың барлығы республикалық конкурстан өткен шығармалар. Бұл байқау 2013 жылдың қыркүйегінен 2014 жылдың ақпаны аралығында төртінші рет өткен болатын», - деді профессор Л.Ахметова.
Оның айтуынша, 2010 жылы «Астана мен Президент», 2011 жылы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Жеңіс, еске алу, патриотизм», тағы осы жылы Қазақстан Қарулы Күштерінің 20 жылдығына арналған «Қазақстан, әскер, патриотизм» жинақтары шығарылған.
«Жоғарыда аталған жинақтар отандық және шетелдік кітапханаларға таратылады. Олар посткеңестік елдердің ұлттық кітапханаларында тұр. Атап айтар болсақ, Ресей, Молдавия, Украина және Беларусь кітапханаларында біздің жинақтарымыз бар. Сонымен қатар кейбір Еуропа елдеріне де жібергенбіз. Олар сол кітаптарды оқи отырып, біздің елімізді басқа қырынан таниды, қазақстандық балалардың ойларымен, арманымен танысады», - деді ол.