Қазақстан өз кандидатурасын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдарға тұрақты емес өкілі орнына ұсынды - Е.Қазыханов

ТАНА. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат - 23 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Халықаралық бейбітшілік институтында «Өзгеріп бара жатқан әлемдегі Қазақстанның рөлі» деген тақырыпта дәріс оқыды.
None
None

ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлағандай, Е.Қазыханов еліміздің ішкі және сыртқы саясатының басымдықтарына назар аударып, Қазақстанның барлық мемлекеттермен бейбітшілік және өзара тиімді қарым-қатынастарға бейілділігін білдіретіні туралы атап өтті.

Сонымен қатар, Сыртқы істер министрі Қазақстан Республикасының АӨСШК, ШЫҰ, ЕҚЫҰ, және ИЫҰ ұжымдарында төрағалық немесе бастамашылық арқылы аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту бойынша белсенді жұмыс өткізіп жатқандығы туралы айтып кетті.

ҚР СІМ басшысы дәрісінің жеке бөлімі Еуразиялық кеңістікке ықпалдастық, соның ішінде Кеден одағының құрылуы және қазіргі таңда іске асырылып жатқан ірі транзиттық жобаларының бірі «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізіне арналды.

Сондай-ақ, дәріс барысында Орталық Азия және Ауғанстан аймақтарында болып жатқан жағдай туралы, оның ішінде үстіміздегі жылғы 15 қарашада Астана қаласында аталмыш аймақ бойынша 50 мемлекеттің арнайы өкілдерінің үйлестіру кездесуін өткізу жоспары туралы айтылды.

ҚР СІМ басшысы, Қазақстанның БҰҰ-ны маңызды халықаралық ұйым ретінде санайтындығын, оның рөлін нығайту мен қолдау көрсету туралы атап өтті. Біріккен Ұлттар Ұйымында реформаларды өткізу керектігі жәнеБҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты және тұрақты емес өкілдерін көбейту арқылы кеңейтілуі еліміздің ұстанымына сай келеді. Осындай көзқарас арқылы Қазақстан өз кандидатурасын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017- 2018 жылдарға тұрақты емес өкілі орнына ұсынды. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес өкілдер сайлауы 2016 жылы өтеді.

Өткен пікір алмасу кезінде ғылыми сарапшылар, дипломаттар, БАҚ өкілдері еліміздің Ислам Ынтымақтастық Ұйымының сыртқы істер министрлер Қеңестііне төрағалығы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) одан әрі дамуының келешегі, Орталық Азиядағы аумақтық қарым-қатынастар мәселелері бойынша өз қызығушылықтарын білдірді.

Сонымен қатар, қатысушылар 2012 жылдың шілде айында Бразилияда өтетін орнықты даму бойынша БҰҰ Саммитінің басымдықтарына қазақстандық көзқарас, оның ішінде ҚР-ның ұсынған «Жасыл көпір» атты бастамасын мүдделі екендіктерін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар