Қазақстан-Өзбекстан демаркациялық комиссиясындағы үкіметтік делегацияның кезекті отырысы өтті

АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 25-29 шілде аралығында Алматы қаласында Бірлескен Қазақстан-Өзбекстан демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының үкіметтік делегациясының кезекті отырысы болып өтті.

Қазақстан-Өзбекстан демаркациялық комиссиясындағы үкіметтік делегацияның кезекті отырысы өтті

Бұл туралы бүгін дәстүрлі брифинг барысында СІМ баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті.

«Отырыс барысында үкіметтік делегациялар Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасының қорытынды демаркациялық материалдарын дайындауды жалғыстырды. Келіссөздер іскерлік және достық ахуалда өрбіді», - деді СІМ баспасөз хатшысы І. Омаров.