17:29, 11 Наурыз 2016 | GMT +5
Қазақстан Өзбекстаннан ЭКСПО-ға қатысу-қатыспау шешімін тезірек айқындауды қузады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Өзбекстаннан ЭКСПО-ға қатысу-қатыспау шешімін тезірек айқындауды қузады. Бұл туралы бүгін Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 15-ші отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

«Бүгінгі таңда 74 мемлекет пен 16 халықаралық ұйымның қатысатындығы туралы ресми қуаттауын алып отырмыз. Біз өзбек тарабынан қатысуын тез арада айқындауды және ЭКСПО өткізуге өз комиссарын тағайындауды ұсындық», - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында елордада «Болашақ энергиясы» тақырыбымен халықаралық мамандандырылған көрме өтеді. Бұл халықаралық шараны 2 миллионнан астам адам тамашалайды деп күтілуде.