Қазақстан өзін әлемдік рынокқа мұнай-газ ресурстарының сенімді жеткізушісі ретінде танытып үлгерді - Үкімет басшысы

АНА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ -  Біз Қазақстан энергетикалық саладағы жаһандық қауіп-қатерлер мен проблемаларды шешуде  маңызды рөл атқаруы тиіс деп есептейміз.

Қазақстан өзін әлемдік рынокқа мұнай-газ ресурстарының сенімді жеткізушісі ретінде танытып үлгерді  -  Үкімет  басшысы

Астанада өтіп жатқан IV Еуразиялық энергетикалық форумда сөйлеген сөзінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімов  осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үкімет басшысы мұнай мен мұнай-газ өнімдерінің сұранысын қамтамасыз ету тұрғысынан келгенде, Қазақстан қажетті қуаттарды қамтамасыз етіп отырғандығын атап көрсетті. «Алайда, өсу үшін өзіміздің әлеуетімізді дамытуымыз керек», деді  ол. Осы орайда К. Мәсімов Қазақстан Үкіметі жекеменшік және мемлекеттік сектордың өзара іс-қимылын әзірлеуде барлық қажетті міндеттемелерге ие екенін жеткізді.

Сонымен қатар, Премьер-Министр Қазақстан Үкіметі мұнай-газ секторындағы мемлекет  пен жекеменшік серіктестігін дәйекті дамытып отырғанын атап көрсетті. «Экономиканы және экспорттық ережелерді әртараптандыру стратегиясын дамытуға қатысты айтатын болсақ, біз жаңа көліктік инфрақұрылымдарды құруға ден  қоюдамыз. Бұл ретте біздің мұнай құбырларымыздың желілерін біртіндеп дайындау  маңызды болып табылады», деген Үкімет басшысы «Атырау-Самара», «Орталық-Азия-Орталық» желісін қайта жаңғырту, Каспийдің мұнай құбырларының инфрақұрылымдарын дамыту маңызды мәселе болып табылатынын айтты.

Премьер-Министр «Баку-Тбилиси-Жейһан» және Қытайға бағытталған магистральдық құбыр жолы  сынды іргелі маршруттардың инфрақұрылымдары, сонымен бір мезгілде, Ақтау және Құрық айлақтарының жұмыстары жақсарып жатқандығын жеткізді. «Осылайша Қазақстан өзін әлемдік рынокқа мұнай-газ ресурстарының сенімді жеткізушісі ретінде танытып үлгерді», деді Премьер-Министр.

 Сонымен қатар, Үкімет басшысы Қазақстан климаттың өзгеруінде маңызды рөл атқаратынын, бұл ретте көмірсутекті шикізаттарды өндіру кезінде газдардың шығарындыларын шектеу жөніндегі жауапкершілікті ұстанатынын айтты.  «Қазақстан Киота хаттамасына қол қойды. Біз осы жылы Копенгагендік форумға қатысатын боламыз», деді Үкімет басшысы.