Қазақстан өзінің интеграциялық жолын жоғары даму деңгейінен бастап отыр - Елбасы

МӘСКЕУ-АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан өзінің интеграциялық жолын жоғары даму деңгейінен бастап отыр. Бүгін М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде еуразиялық ықпалдастық тақырыбындағы дәрісі барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.
None
None

Елбасының айтуынша, былтыр Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде 50-ші орынға қол жеткізді. Ал бизнесті жүргізудің «Doing Business» рейтингінде де Қазақстан 50-ші орында тұрып, ол көрсеткішті одан сайын жақсартып келеді. 2013 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсімі 6 пайызға тең болды. Елдің жиынтық резерві 100 млрд. долларға теңесіп қалды.

«Тәуелсіздіктің алғашқы 1991-1997 жылдары өз орнымызды табумен кетсе, қалған 15 жылда Қазақстан экономикасы 16 есеге өсті. Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім бізде сол жылдары 700 доллардан басталса, былтырғы жылды 13,5 мың доллармен аяқтадық. Ал халықтың 45 пайызы кедейліктің ең төменгі шегінде өмір сүрсе, былтыр ол 2 пайызды ғана құрады. Ал сол 2 пайызды қолдап тұруға біздің жан-жақты мүмкіндігіміз бар», - деді Н. Назарбаев.

Бұдан бөлек, Елбасы Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасына тоқтала келе, алғашқы бесжылдықта 780 жаңа кәсіпорын салынғанын, 250 жаңа өнім түрлері игерілгенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар