Қазақстан парламентшілері ТүркПА Кеңесіне қатысады
АСТАНА. 7 маусым. ҚазАқпарат - 2013 жылы 10-12 маусымда Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған парламенттік делегация Анкарада өтетін Түркітілдес елдер парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің жиынына қатысады. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын түркітілдес елдер парламенттік бірлестігіне Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия мемлекеттері кіреді. Биылғы жылы ТүркПА құру туралы Ыстамбұлдық Келісімге қол қойылғанына 5 жыл толады. «Осыған орай, алқалы жиынның күн тәртібі салмақты. Әсіресе, түркітілдес елдер парламенттерінің ынтымақтастығын одан әрі дамыту, сондай-ақ, алдағы жылдарға арналған Ассамблея қызметінің басым бағыттарын анықтау ерекше назарда. ТүркПА жиналысының қорытындысы бойынша Анкара декларациясын қабылдау жоспарланып отыр», делінген баспасөз баянында.