Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевтың ұлықтау рәсіміне қатысты

АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевтың салтанатты ұлықтау рәсіміне қатысты.
None
None

Бұл туралы Үкімет басшысының Facebook парақшасында хабарланды.

Салтанатты шара Тоқтоғұл Сатылғанов атындағы Ұлттық филармонияда өтті. Қырғызстан басшысын құттықтау үшін Түркия Президенті Абдолла Гүл, Грузия Президенті Михаил Саакашвили, сондай-ақ Тәжікстанның және Әзірбайжанның Премьер-Министрлері арнайы келді.

Рәсімге Қырғыз Республикасындағы дипломатиялық миссиялардың басшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Конституцияның арнайы данасын ұстап ант қабылдағаннан кейін Алмазбек Атамбаевқа президенттік штандарт, Қырғыз Республикасы Президентінің төсбелгісі және куәлігі табыс етілді.

Қосымша ақпаратты www.pm.kz сайтынан қараңыздар.

Соңғы жаңалықтар